Малдардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілгендер бекітілсін: 1) ірі қара малының жұқпалы алаөкпесін алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді; 2) қойдың инфекциялық желін сауын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді. 2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 64 бұйрығымен бекітілген
Ірі қара малының жұқпалы алаөкпесін алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Ірі қара малының жұқпалы алаөкпесін алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Ірі қара малдың жұқпалы алаөкпесі (Pleuropneumonia contagiosa bovum), өкпе мен плевраның қабынуы - артынан өкпенің шіріп, өлеттенуі түрінде өтетін жұқпалы ауруы. Қалыпты жағдайда ірі қара мал жұқпалы ала өкпеге, соның ішінде буйвол, безон, өркешті сиыр, қодасқа сезімтал. 2. Ауру қоздырушысы - Mycoplasma mycoides - Mycoplasma тұқымдастығына, Molicutes класына жатады. Микроорганизм, кокк, диплококк және жіп, жұлдызша түрінде болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|