|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген
Сальмонеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша
Сальмонеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Сальмонеллез - жіті өтетін зардапты ауру, ішекқарын жолының, бауырдың зақымдануымен, көкбауырдың үлкеюімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Сальмонеллезбен барлық ауылшаруашылық, үй, кәсіптік, жабайы, зертханалық жануарлар мен құстардың барлық түрі ауырады, әсіресе жас мал сезімтал. 2. Ауру қоздырушысы Enterobacterіceae тұқымдасының Salmonella түріне жататын бактериялар. 3. Сальмонеллезге алдын ала балауды эпизоотикалық, клиникалық және патологоанатомиялық мәліметтерге сүйеніп қояды. Қорытынды балауды бактериологиялық зерттеулермен қояды: микроскопия, таза өсіндіні бөліп алу және тәжірибелік жануарларға биосынама қою.
2. Сальмонеллезге ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
4. Сальмонеллез инфекциясының алдын-алу эпизоотияға, эпидемияға қарсы ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізуді талап етеді. 5. Басты шараларға, жануарлар мен құстардың арасында сальмонеллездің таралуын болдырмауға арналған шаралар жатады. Осы мақсатпен қажетті түрде: 1) жаңа туған төлдердің және өсіріліп жатқан төлдердің организмнің төзімділігін көтеру бағытында ветеринариялық-санитарлық тәртіптің қатаң бақылауын іске асыру; 2) жануарлар мен құстардың ауруына, тек қана ауру жануарлар емес, оның таратушыларын (тасымалдаушыларын) уақтылы айқындау мақсатында қатаң ветеринариялық қадағалауды белгілеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|