Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды Осы редакция 2005 ж.1 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен тақырыбы өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 19.03.02 ж. № 16-ө; 23.05.02 ж. № 59-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы көлiгiнiң қызметiне заңсыз араласу әрекетiнiң тиiмдi түрде алдын алу, көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылын жақсарту мақсатында мынадай құрамда Көлiктегi қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құрылсын: Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк Қажымұрат Ыбырайұлы және коммуникациялар министрi, төраға Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, төрағаның көлiктегi терроризмге қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Елекеев - Қазақстан Республикасының Ирак Қасымұлы Әділет вице-министрі Ақшанов - Қазақстан Республикасының Болат Қасымұлы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары Уажанов - Қазақстан Республикасының Тұрсын Yшбайұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi директорының орынбасары (келісім бойынша) 2. Yйлестiру кеңесiне көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестiру, жүк және жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жүктелсiн. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органдары болып анықталсын. 4. Yйлестiру кеңесi: 1) бiр ай мерзiмде Yйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 2) көлiктегi қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдасын және 2001 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде көлiктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары |