|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Помологиялық бақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |