Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 73-І бұйрығымен бекітілген
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
Кеме рөлін беру және жүргізу ережесі
1. Осы Кеме рөлін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер үшін Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібін белгілейді. 3. Кеме рөлі, кеменің келуі және кетуі кезіндегі экипаж саны мен құрамы туралы мәліметтері бар негізгі кеме құжаты болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан (КР-1 нысаны) бойынша толтырылады.
2. Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібі
4. Кеме иесі Кеме рөлін кеме капитанына қолхатпен береді. 5. Кеме рөлі төмендегі мәліметтерді қамтиды: кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсатталуы, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы); экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі, теңізші паспортының немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі). 6. Кеме рөліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ: жүзу тәжірибесінен өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар); кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі. Кеме рөлінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипаждарын жинақтауға құқығы бар кеме иесі белгілейді. 7. Кеме рөлін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе порттан шыққанда порт капитанына, шекаралық бақылау органдарына ұсынады. 8. Кеме экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа отыз күн ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын Кеме рөлін ұсыну талап етілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|