Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1450 Қаулысымен бекітілді 2012 жылғы 26 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі, терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күресу мақсатындағы ынтымақтастықтың маңызды мәнi бар екенiне көз жеткiзе отырып, өздерiнiң терроризмге қарсы бірлесiп күрес жүргiзуге ниеттерiн растай отырып, есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымының және оларды терiс пайдалану үрдiсiнiң өсуiне алаңдаушылық бiлдiре отырып, заңсыз көшi-қонға және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға ниет бiлдiре отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:
Егер Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында қылмыс жасалатын немесе оларға дайындық жүргiзiлетiн болса, Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес терроризмге, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Терроризмнiң кез келген көрiнiстерiне қарсы күресу үшiн Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ осы Келісімнiң ережелерiне сәйкес: 1) терроризмнiң жоспарланып отырған және жасалған актілері туралы, террористiк ұйымдар мен топтар, сондай-ақ мұндай қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, мұндай қылмыстарды жасаудың нысандары мен әдiстерi және пайдаланылатын құралдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ терроризмге қарсы күресу үшiн қажеттi мәлiметтермен алмасады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|