|
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат
МАМАНДЫҒЫ 050302 - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
1 Қолдану саласы
Осы стандарт 3.001-2004 ҚР БЖММС негізінде дайындалған және 050302 - Халықаралық құқық мамандығы бойынша оқытудың несие жүйесі негізінде заңтану бакалаврлар дайындаудың деңгейіне және білім берудің мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайды. Оқытудың несие жүйесі негізіндегі оқыту нысаны мен құқықтық ұйымдастыру нысаны, ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, 050302 - Халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауды іске асыратын, Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының қолдану және сақтау үшін стандарт ережесі міндетті.
Осы стандартта төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған: Қазақстан Республикасының 1999ж. 07 маусымдағы №389 «Білім туралы» Заңы; 40.1.01-2000 ҚР ЕР Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын құру мазмұндау ресімдеу, баяндау және белгілеуге қойылатын талаптар; 5.03.001-2004 ҚР БЖММС Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және 5.03.001-2004. ҚР БЖММС сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтаулар қолданылады. Осы стандартқа төмендегідей терминдер мен анықтаулар енгізілген: Академиялық сағат дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) сабақтарға 1 шартты сағат (50 минуттан) немесе лабораториялық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтарына 2 шартты сағат (100 минуттан) сондай-ақ оқу-тәжірибелерінің барлық түрлеріне 1 шартты сағат (50 минуттан) өндірістік тәжірибелердің барлық түрлеріне 5 шартты сағат (250 минут) теңестірілген. бакалавр (Bachelor) - 4 жылдық білім бағдарламасын меңгерген тұлғаға берілетін академиялық дәреже. бакалавриат - бакалавр академиялық дәрежесін беретін 4 жылдық оқу мерзімімен жоғары білім беру бағдарламасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|