|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2004 ж. 7 тамыздағы № 671 бұйрығымен бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Ресми басылым
Енгізу күні 2004.09.01
1 Қолдану саласы
Осы стандарт ҚР БЖММС 5.03.002-2004 негізінде дайындалған және магистранттар дайындау деңгейі мен білім беру мазмұнының мемлекеттік міндетті минимум талаптарын белгілейді. Стандарт ережесі олардың ведомстволық бағыныштылығы, құқықтық ұйымдастыру нысаны мен оқыту нысанына қарамастан, көрсетілген мамандық бойынша магистрлер дайындауды іске асырушы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қолдануға және сақталуға міндетті. Стандартты сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары, оқу орындарын аттестаттау және лицензиялау жөніндегі комиссия, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырушылар және жұмыс берушілер пайдалануы мүмкін және магистрлер дайындаудың сапасын сараптауға, біліктілік сипаттарды, оқыту жоспарлары мен бағдарламаларын дайындауда, ЖОО магистрлер дайындаудың нақты мамандығы бойынша оқытуды жетілдіру немесе тоқтату жөнінде ұсынымдар дайындауға негіз болады.
Осы стандартта төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған: Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, 1999 ж, 7 маусым. ҚР ПР 40.1.01-2000 - ҚР Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының жалпы талаптары, өзгерістері, ресімделуі, мазмұны және белгіленуі. ҚР БЖММС 4.001-2004 Магистратура. Негізгі ережелер. ҚР БЖММС 5.03.001-2004. Жоғары кәсіби білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер.
3 Анықтамалар және қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және ҚР МЖМБС 5.03.002-2004 сәйкес терминдер, анықтаулар және қысқартулар қолданылады. Сонымен қатар келесі анықтауларда пайдаланылады: несие - магистрант оқу жұмысы көлемінің бірыңғай бірлік өлшемі. Бір несие аптадағы жалпы оқу жүктемесінің 1 академиялық сағатына тең, оның ішінде аудиториялық жұмыс 2 сағат - магистранттың өздігімен жұмысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|