|
|
|
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 120000000 (бір жүз жиырма миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоғам сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламаларын iске асыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы жөнiндегі қызметтердi көрсетуші болып белгіленсiн. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-62-жолмен толықтырылсын: «21-62. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ»; 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-30-жолмен толықтырылсын: «222-30. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ»; 3) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |