Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім (Астана қ., 2004 жылғы 18 маусым) (2012.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2005 ж. 15 желтоқсандағы № 105-III ҚР Заңымен ратификацияланды 2006 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді
2012 ж. 19 желтоқсандағы Хаттамамен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк шартының қағидалары мен ережелерiн және оның дамуына қатысты қабылданған құжаттарды басшылыққа ала отырып, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы (бұдан әрі - ҰҚШҰ) шеңберiндегі жүзеге асырылып жатқан сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери, әскери-техникалық барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және өзге де iс-қимылдар саласында құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты төмендегi туралы келiстi:
2012 ж. 19 желтоқсандағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап
Осы Келісім мақсаты үшін аталған терминдер мыналарды бiлдiредi: «құпия ақпарат» - Тараптардың нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес қорғалатын, әрбір Тарапқа нормативтік құқықтық актілерінде және осы Келісімде белгіленген тәртiпте берiлген (алынған) кез келген нысанда берiлген, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде сыртқы саясат, әскери, әскери-техникалық, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау, жедел iздестіру және өзге де iс-қимылдар саласында пайда болған, оларды заңсыз тарату Тараптардың қауiпсiздігі мен мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер; «құпия ақпаратты тасушылар» - құпия ақпарат нышандар, бейнелер, белгілер, техникалық шешiмдер мен процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|