|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1255 Қаулысымен Заңның жобасы қайтарылып алынды
ҚР Үкіметінің 2005 ж.14 сәуірдегі № 349 Қаулысымен Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлдi
Осы Заң Қазақстан Республикасында мемлекеттік монополия саласындағы қызметті реттеуге және бақылауға, тұтынушылар, мемлекет және мемлекеттік монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiне жетуге бағытталған, мемлекеттік монополия саласындағы қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) пайдаланатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік монополия - конституциялық құрылысты қорғау, ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың денсаулығын сақтау тұрғысынан бәсекелестіктi енгізу тиiмсiз болатын қызмет саласы; 2) Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң мемлекеттік тiркелiмi - олар республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын қызметтердiң түрлерi көрсетiлген Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi; 3) бағалар калькуляциясы - мемлекеттік монополия субъектiсi көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) бөлiгiнде уәкiлеттi орган бекiтетiн кiрiстер мен шығыстар баптары, мемлекеттік монополия субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi туралы көрсеткiштер және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша мемлекеттік монополия субъектiсi қызметiнiң басқа экономикалық көрсеткiштерi; 4) мемлекеттік монополия субъектiсi - мемлекеттік монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге ерекше құқыққа ие мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсiпорын; 5) мемлекеттік монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|