|
|
|
“Қырғызстан халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы”
Қырғызстан халқына гуманитарлық азық-түлiктiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне астықтың құнын және гуманитарлық жүктi Бiшкек станциясына дейiн жеткiзу жөніндегi шығындарды өтеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервінен 17930668 (он жетi миллион тоғыз жүз отыз мың алты жүз алпыс сегіз) теңге бөлсiн. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы гуманитарлық жүктi жеткiзу жөніндегі қызметтердi көрсетушi болып белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғызстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін 1000 (бip мың) тонна азық-түлiктiк бидайды мемлекеттік сатылатын ресурстардан бiр тоннасын 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша тиеп жөнелтудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғызстанға гуманитарлық жүктi тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақтылы берудi қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі гуманитарлық көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестiрудi жүзеге асырсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |