Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 79-НҚ Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн берудiң бірыңғай тәртібі мен шарттарын белгiлеу мақсатында, бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде заңда белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелгеннен кейiн: 1) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялануын қамтамасыз етсiн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|