|
|
|
“2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кіру,
2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткізу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын (бұдан әрi - Opхусс конвенциясы) дайындау мен өткізудi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Орхусс конвенциясы Хатшылығының алты мүшесiнiң (бұдан әрi - делегация) қонақ үйде тұруына және Женева - Алматы - Женева бағыты бойынша көлiктiк шығыстарына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 4742611 (төрт миллион жетi жүз қырық екi мың алты жүз он бiр) теңге сомасында толық көлемде қаражат бөлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі конференцияның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн. 3. Алматы қаласының әкімі делегацияны қарсы алу және шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн. 4. Осы өкiмнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |