Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара
2005 ж. 13 желтоқсандағы № 95-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi, жеке алғанда "Тарап", ал бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi, барлық салалардағы достық пен өзара тиiмдi ынтымақтастықты нығайту олардың халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап беретiндігіне және Азиядағы бейбiтшілiкті, қауiпсiздiк пен тұрлаулылықты сақтауға септiгiн тигiзетiндігіне кәмiл сене отырып, өзара сенім мен түсiнiстік негiзiндегi мемлекетаралық қатынастарды нығайту ұмтылысына сүйене отырып, халықаралық құқық нормаларына, ең алдымен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген мақсаттар мен қағидаттарға өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып, жалпыға бірдей бейбiтшілiк пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар егемендiк пен аумақтық тұтастықты өзара құрмет тұтуға, күш қолданбауға немесе күш қолдану қаупiн туғызбауға, бір-бірiнiң iшкi iстерiне араласпауға, теңдiк пен өзара тиiмдiлiкке, бейбiт қатар өмiр сүруге негiзделген халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес достық қатынастар мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты белсендi түрде дамытады және нығайтады.
2-бап
Тараптар екi мемлекеттің халықаралық және аймақтық ұйымдардағы өзара ықпалдастық деңгейiне қанағаттанғандық бiлдiре отырып, мұндай ынтымақтастықты, әсiресе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, Ислам Конференциясы Ұйымының және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының шеңберiнде нығайтуға уағдаласты.
3-бап
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|