|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь
ҚР Үкіметінің 2006.12.10. № 987 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі, жалпы қабылданған халықаралық құқықтың қағидаттарын, 1999 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы 1999-2008 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық туралы шартты, 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға шартты және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, тең құқықты және өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайту, екі мемлекеттің экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеттерiн тиiмдi пайдалану қажеттілігiн, Тараптар мемлекеттерiнiң ұзақ мерзiмдi негізде мамандануын, кооперациясын және технологиялық өзара байланысты өндiрiстерiн сақтау мен дамытудың орындылығын негізге ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң отын-энергетикалық кешендерi саласындағы мақсатты бағдарламалары мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жобаларын бiрлесiп әзiрлеу мен iске асырудың қажеттігін мойындай отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң шикiзат базасын тиiмдi пайдаланудағы, отын-энергетикалық кешендерi саласындағы бiрлескен кәсiпорындар мен мемлекетаралық компанияларды құруды ұйымдастырудағы, Тараптар мемлекеттерінің заңды тұлғалары арасында нарықтық қатынастарды жетiлдiру үшiн қолайлы жағдайлар жасаудағы өзара мүдделiлiгін ескере отырып, төмендегілер туралы келiстi:
Тараптар өзара пайда, өзара көмек және Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысына экономикалық залал келтiретiн әрекеттерге жол бермеу негізiнде отын-энергетикалық кешендерi саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келісімдi iске асыру жөніндегі құзыреттi органдары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|