Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы № 571 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы мен экономикалық өсуiн ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған қаржы қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн жабық үлгiдегi акционерлік қоғам нысанында банктiк емес қаржы мекемесi ретіндегі Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын (бұдан әрi - Қор) құрсын. ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 11.06.03 ж. № 571 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қордың негiзгi функциялары: шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу және оны жүзеге асыру; заңды тұлға құрусыз дара кәсiпкерлiктi қоса есептегендегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағытына, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногының конъюнктурасына және жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың ерекшелiктерiне сүйенiп, дербес мақсатты несиелендiру; шағын кәсiпкерлiк және өзiн-өзi жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдасына олардың екiншi деңгейдегi банктерден несиелер алуы үшiн кепiлдiк беру; шағын кәсiпкерлiктiң бизнес-орталықтары мен инкубаторларын, шағын кәсiпкерлiк саласындағы консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу болып табылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 571 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қорға шағын кәсiпкерлік жобалары бойынша кредиттер беру үшiн Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде конкурстық негiзде шартпен орналастыру (яғни, "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының Кредит саясаты туралы меморандумында келісілген шарттармен орналастыру) құқығы берілсін. 3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Ұлттық Банкпен (келісім бойынша) және Қаржы министрлігімен бiрлесiп 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде несиелiк бағдарламаның 80,4 млн. АҚШ доллары сомасында "В" және "С" транштарын екiншi деңгейдегi банктердiң қатысуымен Қор арқылы шағын кәсiпкерлiктi орташа және ұзақ мерзiмдi несиелендiруге бағыттау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1993 жылғы 22 желтоқсандағы Европа Қайта жаңарту және Даму Банкiмен несиелiк келісімiнiң шарттарын қайта қарасын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, белгiленген тәртiппен, банктiк емес қаржы мекемесi ретiнде Қорға оның Жарғыда айқындалған функцияларына сәйкес операциялар жүргiзуiне арналған лицензия беру ұсынылсын. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: жарғылық қорға 1997 жылға арналған республикалық бюджетте шағын және орташа бизнестiң инфрақұрылымдарын дамытуға көзделген 37 млн. теңге сомасында қаражат енгiзсiн; жыл сайын 1998 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын әзiрлеу кезiнде Қордың несиелiк ресурстарын толықтыруға қаражаттар көздесiн; Қордың өз қызметiн тиiмдi жүзеге асыруына бағытталған өзге де қажеттi шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 17.08.99 ж. № 1175 қаулысымен 6-тармақ өзгертілдi 6. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытудың қолдаудың тәртібі туралы бекітілген ережеге сәйкес "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1997 жылға арналған бюджетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 13 ақпандағы № 209 қаулысына сәйкес "жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау" бабы бойынша, Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының Директорлар кеңесi белгiлеген аймақтардың тұрғысында өндiрiстiң басым түрлерiнiң жобаларын несиелендiруге Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан 1 224 636 мың теңге бөлсiн. ҚР Үкіметінің 28.12.98 ж. № 1346 қаулысымен 7-тармақ абзацпен толықтырылды 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi: Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының жарғылық қорына Алматы қаласындағы Гоголь көшесіндегі 111 ғимаратқа орналасқан бұрынғы Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң үйiн берсiн; Қордың жарғысын бекiтсiн. Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін. ҚР Үкіметінiң 27.05.97 ж. № 886 қаулысымен 8-тармақ өзгертiлдi ҚР Үкіметінiң 28.01.98 ж. № 44 қаулысымен 8-тармақ күшi жойылды 8. ҚР Үкіметінiң 27.05.97 ж. № 886 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 17.08.99 ж. № 1175 қаулысымен 9-тармақ өзгертілдi 9. Қордың басқарма төрағасы лауазымы бойынша Директорлар кеңестiң мүшесi болып табылады. 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |