|
|
|
"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Серiк Әбдiғалиұлы Тұржановтың "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсiн. 2. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетiлген қаулыға 1-қосымша: мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: "12. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ: Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға; Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi; Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Ермекова Несiпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры; Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының бас директоры; Тұржанов Серiк Әбдiғалиұлы - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы; Оразаева Сәуле Бақтиярқызы - "Қазгеоғарыш" акционерлік қоғамының президентi.". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |