|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Конкурстық өтiнiмнің демпингтiк бағасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына (2005 жылғы 24 мамырдағы «Казахстанская правда» № 132-133 (24742-24743)) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын айқындау ережесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ықтимал жеткiзушiнiң тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желілiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) арналған конкурстық өтiнiмнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған барлық конкурстық өтінiмдердiң орташа арифметикалық бағасынан, сондай-ақ конкурсқа қатыспайтын және осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас бiркелкi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) бойынша баға туралы өз ақпаратын берген өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың бағасынан отыздан астам пайызға төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.»; мынадай редакциядағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Ықтимал жеткізушінің өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектілердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарға берiлген конкурстық өтiнiмiнiң бағасы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген бағадан отыз және одан көп пайызға артық болған жағдайда демпингтік болып танылады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |