"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 75 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2364, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 - тіркелген № 2503, 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 61 - тіркелген № 2859 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"; көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде: қосымшалардың жоғарғы оң бұрыштарындағы "жасау" деген сөзден кейін "және ұсыну" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақпен толықтырылсын: "6-1. Бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімді кітапша түрінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады. Бюджеттік өтінімді табыс ету кестесін уәкілетті орган белгілейді және бағдарламалар әкімшісіне жеткізеді. Бюджеттік өтінімнің уәкілетті органда тіркелген күні оның табыс етілген күні болып есептеледі. Әрбір бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімін қарау уәкілетті органға түскен күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|