|
“Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 27, 239-құжат; 1999 ж., № 39, 331-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн: өкiм мәтiнiнiң тақырыбы бұрынғы редакцияда қалдырылсын; 1-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын және жас журналистерге арналған гранттарын (стипендияларын)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын: "1-1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары туралы ереже бекітілсiн."; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары туралы ереже осы өкiмге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарының тағайындалуына, сыйлық лауреаттарының дипломдарын және гранттар алғандығы туралы куәлiктердi дайындауға байланысты мақсаттарға республикалық бюджеттен қаражат бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|