|
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 550 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлді
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндiрiстерін, тоқыма және тігін өнеркәсiбiн дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекiтілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметі "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Астана, Ақорда, 2005 жылғы № __
Президентінiң 2005 жылғы "___" _______ Жарлығымен бекітілген
"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) Оңтүстiк Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан. АЭА аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгі болып табылады. тоқыма өнеркәсiбiн, атап айтқанда, дайын бұйымдар өндiрiсiн дамыту; Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне кiруiн жандандыру; дайын тоқыма өнiмдерiн өндiру үшiн әлемдiк сауда маркiлерiн өндірушілерді тарту; жоғары технологиялық өндiрiстер құру, өндiрiлетiн тоқыма өнiмдерінің сапасы мен түр-түрін жақсарту мақсатында құрылады. 3. АЭА-ның аумағындағы негізгі қызмет түрлерi мыналар болып табылады: 1) мақта-мата жiптерiн және иiрiлген жiптiң барлық түрiн дайындау; 2) тоқыма өндiрiсi; 3) әрлеу-бояу өндiрiсi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|