|
"Жоғары ғылыми - педагогикалық білім (магистратура) туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 311 Бұйрығымен күші жойылды
"Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1035 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1370 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң бюллетенi журналында жарияланған 2001 ж. № 13, 349-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережесінде: 5-тармақта "кәсiптiк жоғары білім берудiң бағыттары мен мамандықтарының" деген сөздер "бакалавриат мен магистратура мамандықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Магистратура жоғары біліктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|