|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2005.29.06. № 646 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм), (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат): 1) 807-бапта: 807-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мүлiктiк және жеке сақтандыру объектiлерi: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген мерзiмге дейiн өмiр сүруiне, өлiмiне, азаматтардың өмiрiнде белгілі бір оқиғалардың басталуына; 2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың нәтижесiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне; 3) мүлiкті иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне; 4) басқа тұлғаларға келтiрiлген, оның iшiнде шартты (мiндеттемелердi) бұзу нәтижесiнде зиянды өтеу мiндетiне; 5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге тәуекелдерiне байланысты мүлiктiк мүдделер болуы мүмкiн."; 2-тармақта "құқыққа қайшы" деген сөздерден кейiн "мүлiктiк" деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақта "мүдделер" деген сөздiң алдында "мүлiктік" деген сөзбен толықтырылсын; 2) 809-бапта: 1-тармақта "мүдделерiн" деген сөздiң алдында "мүлiктiк" деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мүлiктi және оларға байланысты мүлiктiк мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|