|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат): 1) 41-бапта ескертулер мынадай редакцияда жазылсын: "Ескертулер. 1. Осы Кодекстiң 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 193-бабыныңүшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 209-бабының үшінші бөлігінiң а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады. 2. Осы Кодекстiң 164, 168-171, 233-3, 236-баптарында, 337-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде, 337-1-бабында көзделген қылмыстар экстремизмнің белгiлерi бар қылмыстар деп танылады."; 2) 233-баптың екiншi бөлігінiң б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -"; 3) мынадай мазмұндағы 233-3-баппен толықтырылсын: "233-3-бап. Экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру 1. Экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру - бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; екiншi бөлiкте: в) тармағындағы "күш қолдана отырып жасалса -" деген сөздер "күш қолдана отырып;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: "г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -"; екiншi абзацтағы "екі жылдан сегіз жылға дейінгі" деген сөздер "жеті жылдан он екі жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiкте: бiрiншi абзац "ұйымдасқан топ" деген сөздерден кейiн "немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым)" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы "жетi" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын; бiрiншi абзац "Жауапты" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "2. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену, - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; тақырыбы "қоғамдық" деген сөзден кейiн "және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi бөлiктегi "шет мемлекет, немесе шетел азаматтары, немесе шетелдiк не халықаралық ұйымдар қаржыландыратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) мынадай мазмұндағы 337-1-баппен толықтырылсын: "337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру 1. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiн ұйымдастыру, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгі мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiне қатысу, - екi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметіне қатысуды өз еркiмен оқытқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.". 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж. № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар): 192-бапта: бiрiншi бөлiк "233-2," деген цифрлардан кейiн "233-3," деген цифрлармен толықтырылсын; 4-1-бөлiк "259-бабында (үшiншi және төртіншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "337-1-бабында," деген сөздермен толықтырылсын. 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат): 179-бап "аса қауiптi қайталап жасаған қылмысы үшiн," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ экстремизмнiң белгілерi бар қылмыстары үшін," деген сөздермен толықтырылсын. 4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 15-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат): 1) 28-баптың екiншi бөлiгіндегi "Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмдi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк ұйым деп тану туралы iстердi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстердi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 273-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында: "кезеңiнде" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын; "және дауыс беру күнi" деген сөздер ", дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 289-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстер жатады."; 4) 36-2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу"; 5) 317-6-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында террористiк қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымды террористiк ұйым деп тану туралы өтінiштi Бас прокурор Астана қаласының сотына бередi."; 6) 317-7-баптағы "экстремизм" деген сөз "экстремистік немесе террористік" деген сөздермен ауыстырылып, "экстремистiк" деген сөзден кейiн "немесе террористiк" деген сөздермен толықтырылсын; 7) 317-8-бап "экстремизмдi", "экстремистік" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе террористiк қызметтi", "немесе террористік" деген сөздермен толықтырылсын. 5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 102-2, 102-3-баптармен толықтырылсын: "102-2-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу - айлық есептiк көрсеткіштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 102-3-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, - жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық eceптiк көрсеткiштiң төрт жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 2) 321-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 3) 342-бап мынадай редакцияда жазылсын: "342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарын бұзу 1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктің күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату, - бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мемлекеттік тiлдегі хабарларды уақыты жағынан телерадио-хабарлар арналарында басқа тiлдердегі хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, - баспа немесе өзге де өнімі тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн белгiленген мерзiмде жоймау, - лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы ауысқан, басылымның не хабарлардың тілі, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты өзгерген жағдайларда қайта есепке қоймай бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын тарату - бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелеріне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткіштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 4) 343-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркілене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады."; 5) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын: "344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе он бес тәулiкке дейiн мерзiмге әкiмшiлiк қамауға, заңды тұлғаларға бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркілене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жетi жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Қатыгездiктi, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттау мен үгiттеуге, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілерi жоқ өзге құпияларды жария етуге, терроризмге қарсы операциялар жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, сол сияқты порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi көрсетуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз жетпiстен төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң сегiз жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жазалар қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жүзден екi жүзге кейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 6) 349-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 7) 373-баптың бiрiншi бөлiгiнде: "кедергi жасау," деген сөздерден кейiн "сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу," деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 8) 374-бап мынадай редакцияда жазылсын: "374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу 1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, - қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестіктің мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, - қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейін бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелеріне айлық есептiк көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкімшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшіншi бөлiгінде көзделген әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, - қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, дiни бiрлестіктердiң, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы - заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, шетелдiк заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы, - заңсыз қайырымдылықтар тәркілене отырып және Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, - заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, - саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып, партияның басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |