Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
Меморандумға қол қоюға келісім беру туралы ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 710 Қаулысын қара
Отын-энергетикалық кешеніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының ахуалын қарап, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің мүліктік және қарыз проблемаларын реттеуді толық аяқтау және отын-энергетикалық кешендеріндегі интеграциялық процестерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, 1. Жақтар "Қазақстанэнерго" УЭЖ" РМК-ТSD РАО "ЕЭС РОССИИ" ААҚ-тың алдындағы қарызын реттеу жөніндегі жүргізілген жұмыстарды мақұлдайды және ертерек қол жеткізілген келісімдерге сәйкес "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ негізінде бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорнын құруды констатациялайды. 2. Жақтар электр энергетикасы саласындағы екі жақты өзара интеграцияны одан әрі тереңдету қажеттілігін атап отыр және осы мақсаттарда екі бағыттан құрылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергиясының жалпы рыногін құру бағдарламасын жасайды: І-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жалпы рыногін қалыптастыру. ІІ-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының инвесторларымен екі елдің электр энергетикалық саласындағы кәсіпорындарға тікелей инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі жобаларды іске асыру. 3. Бағдарламаны жасау үшін біріккен жұмыс тобы құрылады. Топтың жұмысын қазақстандық жағынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В. Школьник ресейлік жағынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және энергетика министрі В. Христенко басқарады. Жұмыс тобы құрамына "KEGOC" ААҚ, РАО "ЕЭС России" ААҚ, "ФСК" ААҚ, "СО ЦДУ ЕЭС" ААҚ, "Интер РАО ЕЭС" ЖАҚ және Қазақстан мен Ресейдің басқа да мүдделі ведомстволары мен ұйымдарының уәкілетті өкілдері енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|