|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінiң 2005.30.06. № 651 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн реттейдi әрi оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) инновация - зияткерлiк меншiктiң объектiсi болып табылатын, енгiзiлуi өндiрiстiң әртүрлi салаларына және қоғамды басқаруға экономикалық тиiмдi және/немесе әлеуметтiк, экологиялық маңызды болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi; 2) инновациялық қызмет - инновацияларды өндiрiстiң әртүрлi салаларына енгізу және қоғамды басқару оларды инновацияларды пайдалану; 3) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасының инновациялық қызметiнiң мамандандырылған субъектiлерiнiң жиынтығы; 4) инновациялық грант - тәжiрибе-конструкторлық әзiрлемелердi орындау инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау, өнеркәсiп меншiк объектілерін шетел мемлекеттерiнде және/немесе халықаралық патенттiк ұғымдарды патенттеу үшiн грант берушi мен грант алушы арасындағы шартта көзделген шарттарды өтеусiз ұсынылатын ақшаның мақсатты сомасы; 5) инновациялық жоба - инвестицияларды көздейтiн және шектелген уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар инновацияларды енгізуге бағытталған көздейтiн iс-шаралар кешенi; 6) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымдарды қаржыландыру, сондай-ақ өзге қызметтердi көрсету жолымен инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға; 7) инновациялық қызметтiң субъектiсi - инновациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар; 8) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi технологиялық бизнес инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|