Жоба Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
Осы келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 667 қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрi - Тараптар) Тараптар арасында 2002 жылғы 21 қазанда Астана қаласында қол қойылған Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумның ережесін назарға ала отырып, мыналар туралы келiсті:
1-бап
Тараптар мына жобаларды бiрлесiп орындауға қатысады: пайдалы қазбалар кен орындарының дерекқорын жасау жөніндегі жұмысты және болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабты бiрлескен геологиялық және минерагениялық карталар жасап, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешендi зерттеу; Оңтүстiк Қазақстанның Үлкен және Кiшi Қаратау жоталарының, Орталық Қазақстанның Ұлытау тауларының және Солтүстiк-Батыс Қытайдың Кепин, Кегукаин-Борокоро тауларының, Куругтаг жотасының венд, кембрий және ордовик тiрек қималарын зерттеу; 1:1000000 масштабты гидрогеологиялық және геоэкологиялық карталарын жасап, Iле-Балқаш трансшекаралық бассейнiнiң табиғи-техногендiк экожүйесіндегі су ресурстарының (жер асты және жер үстi) қазiргi жағдайын бағалау.
2-бап
Бiрлескен жобаларды iске асыру үшiн Тараптар оған қатысушы ұйымдарды (серiктестердi) анықтайды, олар әрбiр жоба бойынша бiрлескен жобалардың мәнiн, мазмұнын, нысанын және оларды жүзеге асыру мерзiмiмен, сондай-ақ қаржыландыру мәселелерiн қоса алғанда, олардың iске асырылу жағдайлары туралы жекелеген шарттар жасасады. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы ұйымдарға шарттарды дайындауда келiсуде және жасасуда жәрдемдеседi.
3-бап
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|