1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдаутуралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2007 жылғы 21 шілдедегі № 292-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiстi: 1. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын: «Полигон - жер учаскелерін және оларда орналасқан мүлікті қамтитын біртұтас кешен. Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігі үшін ставка, яғни Полигонның жалға берілген жер учаскелерінің, оның ішінде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің аудан (гектар) бірлігін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.». 2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шарттың 3-бабында белгіленген Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне ставканы негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 4,454 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетілген мөлшері осы Шартқа қол қойылған күні болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейін енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердің барлық түрін ескереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|