|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi
ҚР 2012 жылғы 11 маусымдағы № 18-V Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 3 тамызда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып, қатысушылары бiр мезгiлде тараптар болып табылатын әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық міндеттемелердi реттеудiң қажеттiлiгiн тани отырып, мына төмендегілер туралы келiстi:
Тараптар: ресей тарапынан: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы «Сарышаған» сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Ембi» сынақ полигонын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілерi мен әскери алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - сынақ полигондарын жалдау туралы шарттар) сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстаумен және тыныс-тiршiлігін қамтамасыз етумен байланысты Ресей Тарапының шығыстарын ескере отырып Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарышаған» сынақ полигонын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес 1999-2004 жылдар кезеңi үшiн Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы бойынша берешектi; қазақстан тарапынан: Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 наурыздағы Әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге, оқыту үшiн өтеу ставкаларының белгіленген келісім-шарт мiндеттемелерiне және 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындарында оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне сәйкес 1996-2004 жылдардағы кезең үшiн Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөніндегі берешектi қамтитын өзара қаржылық мiндеттемелердiң болуын таниды.
Тараптар осы Келісімнiң 1-бабында көрсетiлген өзара қаржылық мiндеттемелердi бiр жолғы өтеудi 135,73 млн. АҚШ доллары сомасына жүргізедi. Қазақстан Тарапы бұдан әрi 1999-2004 жылдардағы кезеңде Сарышаған, Ембi сынақ полигондарын, Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық көру аралық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын пайдаланумен байланысты Ресей Тарапына кiнәраттар қоймайды. Ресей Тарапы бұдан әрi Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн оқыту және ұстау үшiн өзара есеп айырысуларды салыстырудың 2005 жылғы 30 наурыздағы кесiмiне сәйкес 1996-2004 жылдардағы кезең үшiн Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшiлердi оқыту жөнiндегі шығындармен байланысты Қазақстан Тарапына талаптар қоймайды.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы еркiн айырбасталымды валютамен (АҚШ долларымен) жүзеге асырылатын болады. Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшiлердi дайындау жөнiндегі қызметтерге ақы төлеудi Қазақстан Тарапы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын жасалатын «Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау туралы» келісім-шартқа сәйкес еркiн айырбасталымды валютамен (АҚШ долларымен) жүргiзедi. Тараптар сынақ полигондарын жалдау туралы халықаралық шарттарға тиiстi өзгерістер енгізедi.
Осы Келісім ережесін түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады. Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктірмей жазбаша түрде хабардар етедi.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімi бойынша осы Келісімнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келісім оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама жасаған күнiнен бастап күшiне енедi.
2005 жылы 25 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |