Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы
2007 жылғы 21 шілдедегі № 288-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге келiстi: 1. Шарттың атауындағы, кiрiспенiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы «4 Мемлекеттік орталық полигонының» деген сөздер «4 Мемлекеттік орталық көру аралық полигонының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Шарттың мәтiнiндегi «МОП» деген аббревиатура «МОКП» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 3. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын: "Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi өзiне қамтитын бiрыңғай кешен. Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгi үшiн ставка - Полигонның жер учаскелерiн, оның iшiнде олардағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскелерiн де жалға берiлген алаң (гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы - 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленедi.". 4. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шарттың 3-бабында белгiленген полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне ставканы ескере отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,682 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте, жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнiне пайда болған немесе Қазақстан Республикасының аумағына сол күннен кейiн енгiзiлген және Полигонды жалға алуға қатысты салықтардың барлық түрiн, комиссияларды, жиындарды ескередi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|