|
|
|
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы (2005.29.11. берілген өзгерістермен)
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шiлдедегi № 1605 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1171 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге бөлiнсiн. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын; 3) екi ай мерзiмде: "Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын; ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын; "Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |