|
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 774 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгiзiлді
"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. "Мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат, 2004 ж., № 21, 263-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде: "Жалпы ережелер" деген бөлiмде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртіншi абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13, 14-баптарында айқындалған барлық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiледi. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi өзара келiсуден кейiн өздерiнiң құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық тiзбелерiн бекiтедi."; 1-бөлiмде: 1-бағанда: "Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын; "Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктің төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; он үшіншi абзацта "Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|