Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «қылмыспен», «қылмысымен», «қылмыстық заңмен тыйым салынған» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылықпен», «қылмыстық құқық бұзушылығымен», «қоғамға қауіпті» деген сөздермен ауыстырылды, «ҚІЖК-нің», «ҚІЖК-мен», «АІЖК-нің» деген сөздер тиісінше «ҚПК-нің», «ҚПК-мен», «АПК-нің», деген сөздермен ауыстырылды, «процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылды, «жеке айыптау», «жеке айыптаушыларға», «жеке айыптаушы» деген сөздер тиісінше «жекеше айыптау», «жекеше айыптаушыларға», «жекеше айыптаушы» деген сөздермен ауыстырылды, «есі кіресілі-шығасылы» деген сөздер «есі дұрыс емес» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Азаматтық талаптарды қылмыстық процесте қаралуын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Азаматтық талапты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі - ҚПК) көзделген тәртіппен қылмыстық іспен бірге қарау, қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қоғамға қауіпті әрекетiмен өздеріне моральдық, күш қолдану арқылы немесе мүліктік зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде қорғаудың кепілі болып табылады. Соттар осыған байланысты қылмыстық істерді қарау кезінде қойылған азаматтық талаптарды материалдық және процестік заңдардың талаптарын сақтай отырып дұрыс шешуді қамтамасыз етуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|