|
Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот тәжірибесі туралы
ҚР Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату және әкімшілік қадағалау ережелерін қасақана бұзумен байланысты қылмыстарды саралау кезінде әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы сот тәжірибесінде дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Әкімшілік қадағалау туралы заңнама Қазақтан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақтан Республикасының Қылмыстық кодексінен (бұдан әрі - ҚК), Қазақтан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен (бұдан әрі - ҚАК), Қазақтан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі - ӘҚБтК) және "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақтан Республикасының Заңынан (бұдан әрі - Заң) және Қазақтан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде заңдылық қағидаларын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде жүзеге асырылады. 2. Әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін мерзімді қатаң сақтаған жөн. Заңның 6-бабына сәйкес, әкімшілік қадағалау алғашқыда 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді, бұл мерзім әр жолы 6 айға ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 2 жылдан аспауға тиіс. Әкімшілік қадағалау мерзімі сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Әкімшілік қадағалау мерзімі оның қолданыстағы мерзімінің соңғы күнінен кешіктірілмей ұзартылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|