|
Халықаралық әуе қатынастарындағы транзит
2007.07.05. № 246-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Осы Халықаралық әуе қатынастарындағы транзит туралы келісімге қол қойған және қабылдаған мемлекеттер, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшелерi бола отырып, төмендегілер туралы хабарлайды:
1-бөлiм
Әрбір Уағдаласушы мемлекет басқа Уағдаласушы мемлекеттерге халықаралық тұрақты қатынастарға қатысты мынадай әуе еркiндiктерiн: 1) оның аумағы арқылы қонбастан ұшып өту артықшылығын; 2) коммерциялық емес мақсаттарда қону артықшылығын ұсынады. Осы тарауда көзделген артықшылықтар қандай да болмасын халықаралық әуе қатынастарын қоспағанда, әскери мақсаттарда пайдаланылатын әуежайларға қатысты қолданылмайды. Белсендi әскери қимылдар жүрiп жатқан немесе әскери басқыншылық болған аудандарда, сондай-ақ соғыс кезiнде осындай артықшылықтарды осындай аудандарға апаратын жабдықтау жолдарында жүзеге асыру құзiретті әскери билiк орындарының мақұлдауына жатады.
2-бөлiм
Жоғарыда аталған артықшылықтарды жүзеге асыру Халықаралық азаматтық авиация туралы уақытша келісімнiң ережелерiне сәйкес және ол Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның ережелерiне сәйкес күшiне енгеннен кейiн жүргiзiледi.
3-бөлiм
Екiншi Уағдаласушы мемлекеттің авиакәсiпорындарына коммерциялық емес мақсатта қону артықшылығын ұсынған Уағдаласушы мемлекет осындай қонулар жүргiзiлетiн пункттерде осы авиакәсiпорындардың орынды коммерциялық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуiн талап ете алады. Мұндай талап бір маршрутта iс-әрекет жасайтын авиакәсiпорындар арасындағы қандай да болмасын кемсiтушiлiкке жол бермейдi, әуе кемесiнiң сыйымдылығын ескередi және тиiстi халықаралық әуе қатынастарын қалыпты пайдалануға, не кез келген Уағдаласушы мемлекеттің құқықтарының және мiндеттемелерiнiң жүзеге асырылуына зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асырылады.
4-бөлiм
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|