|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде: 1-тармақтың бiрiншi абзацы «орындау үшiн» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен біліктілiгiн арттыру және қайта даярлану» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшадағы «айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызы» деген сөздер «бiр айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшада: «депутаттары үшiн» деген сөздер «депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын; «және Алматы» деген сөздер «, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр» деген сөздермен ауыстырылсын; «жетi есе», «төрт есе», «үш есе» және «екi есе» деген сөздер тиiсiнше «он есе», «бес есе» «төрт есе» және «үш есе» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |