|
|
|
«Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында (ГФР) Бас Консулдығының ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық саны 8 адам болып бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының лауазымдық еңбек ақысы шетел валютасымен айына 2375 (екi мың жүз жетпiс бес) АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. Бас Консулдық қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбекақылары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының шетел валютасымен алатын еңбекақысына қарай штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн. 3. Бас Консулдық қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетiлуiне аударым олардың АҚШ долларымен алатын жалақысы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қаржы министрлігімен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1995 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |