35-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Тоқтатылатын қызмет Осы стандарт 1999 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді. Осы стандарт 8-«Кезеңдегі таза пайда немесе залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС 19-22-параграфтарды ауыстырады. 1999 жылы Кіріспенің 8-параграфына, осы стандарттың 20, 21, 29, 30 және 32-параграфтарына және В қосымшасының 4-параграфына терминологияны 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-на және 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХБЕС-на сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізілді. Кіріспе 1. Осы стандарт 35-ХБЕС тоқтатылатын қызметке қатысты ақпаратты ұсынуға және ашуға қатысты. Бұл мәселе 8-«Кезеңдегі таза пайда немесе шығын, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС 19-22-параграфтарда едәуір қысқа қаралды. 35-ХБЕС 8-ХБЕС-ның осы параграфтарын алмастырады. 35-ХБЕС 1999 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді. Мерзімінен бұрын қолдану қуатталады. 2. 35-ХБЕС-ның мақсаты кәсіпорынның тоқтатылатын қызметі туралы ақпаратты жалғасатын қызмет туралы ақпараттан бөлек ұсыну үшін негіз құруға және тоқтатылатын қызмет туралы ақпаратты ашу жөніндегі ең аз талаптарды белгілеу болып табылады. Тоқтатылатын және жалғасатын қызмет арасындағы айырмашылықтар жүргізу инвесторлардың, кредиторлардың және басқа да қаржы есептілігін пайдаланушылар кәсіпорынның ақша қаражатының қозғалысын, жалпы алғанда оның түсімділігін және қаржылық жай-күйін болжамдауға қатысты мүмкіндігін арттырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|