|
Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы
2005 ж. 15 желтоқсандағы № 102-III ҚР Заңымен ратификацияланды 2007 жылғы 4 қазанда күшіне енді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттерi (бұдан әрi Тараптар деп аталады), халықаралық құқықтың жалпы көпшiлiк таныған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының 19-бабының қағидаларын негiзге ала отырып, төмендегілер туралы келiстi:
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген анықтамалар мыналарды бiлдiредi: 1) «Хартия» - Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясы; 2) «ШЫҰ» немесе «Ұйым» - Шанхай ынтымақтастық ұйымы; 3) «мүше мемлекет» - ШЫҰ-ның мүше мемлекетi; 4) «өкiлдiк орналасқан мемлекет» - аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн ШЫҰ органының штаб-пәтерi немесе оның бөлiмшесi орналасқан мүше мемлекет; 5) «ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдары» - ШЫҰ-ның Хатшылығы мен ШЫҰ-ның ААТҚ; 6) «Хатшылық» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн әкiмшілiк органы болып табылатын ШЫҰ Хатшылығы; 7) «ААТҚ» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органы болып табылатын ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымы; 8) «ААТҚ кеңесі» - ААТҚ органы; 9) «Атқарушы комитет» - ААТҚ органы; 10) «Атқарушы хатшы» - ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы; 11) «Директор» - ААТҚ-ның Атқару комитетiнің директоры; 12) «лауазымды тұлғалар» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына жұмыс iстеу үшін Тараптар жіберетiн және тиiсті штаттық қызметке тағайындалған тұлғалар; 13) «тұрақты өкіл» - мүше мемлекеттің ШЫҰ Хатшылығы жанындағы тұрақты өкілі; 14) «мүше мемлекеттердiң өкiлдері» - Ұйымның шеңберінде өткiзiлетін мәжілістерге және іс-шараларға мүше мемлекеттер жiберетiн делегациялар басшылары, олардың орынбасарлары, делегаттар, кеңесшiлер, техникалық сарапшылар және делегациялардың хатшылары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|