ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы № 310 бұйрығымен бекітілген
"Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде
1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) металдарды балқытып пісіретін, дәнекерлейтін және кесумен айналысатын кәсіпорындарды жобалайтын, құрылысын жүргізетін, жаңартатын, пайдаланумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған. 2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда төмендегідей терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) дәнекерлеу - металды балқыту арқылы бұйымның бетіне жағу; 2) балқытып пісіру - машинаның, құрылымдардың және ғимараттардың бөлшектерін жергілікті түрде немесе жалпылай қыздыру арқылы айырылмайтындай етіп балқытып қосу.
2. Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескендегі өндірістік үй-жайларға, құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Балқытып пісіру және кесу жұмыстарын жинақтап-балқытып пісіретін өндірістік жұмыстар ашық ауада жүргізгенде қолданыстағы құрылыс нормалар мен ережелердің (бұдан әрі - ҚНжЕ) және техникалық қауіпсіздіктің талаптарына сай болуы керек. 4. Көп қабатты бірімен-бірі ашық жалғасып жатқан ғимараттарда балқытып пісіру кезінде пайда болатын аэрозольдардың таралуына жол бермеу үшін, олардың арасына биіктігі 2,5 метр (бұдан әрі - м) болатын бөлгіштер қойылуы керек. 5. Адамдар мен көлік жүретін жерлердің, жұмыс орындарының және қойма үй-жайларының шекарасы көрінетін белгімен бөлінуі керек (шайылмайтын ақ бояумен). 6. Бұйымдарды хром-никель балқыту материалдарын пайдалана отырып, металдарды балқытып пісіру және дәнекерлеу жұмыстары жеке үй-жайларда жүргізілуі керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|