ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 8-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. Кәсіпорын өзінің қаржы есептілігін Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына («ХБЕС») толық сәйкес келетіндей етіп тұңғыш рет сипаттағысы келді. Ол, мысалы, бұрын өзінің қаржы есептілігін тек бухгалтерлік есептің басты негізі ретінде бухгалтерлік есеп бойынша («ұлттық БЕЖП» (бухгалтерлік есептің жалпылама принциптері)) ұлттық талаптарды ғана қолдана бере алатын. Ол сондай-ақ өз есептілігін ішінара ұлттық БЕЖП негізінде, ал ішінара ХБЕС негізінде бере алатын, бұл жағдайда ұлттық БЕЖП есепке алудың бұрынғы басты негізі деп саналатын болады. 1-ХБЕС (1997 жылғы редакцияда) және 8-ХБЕС бухгалтерлік есепке алудың басты негізі ретінде ұлттық БЕЖП-тен ХБЕС-на өтуді қалай ескеру керек екені туралы айқын басшылық бермейді. 2. Мәселе мынада: (а) ХБЕС бухгалтерлік есептің басты негізі ретінде толық көлемінде алғаш рет қолданылған кезеңде кәсіпорынның қаржы есептілігі қалай әзірленіп, берілуге тиіс; және (b) ХБЕС бухгалтерлік есептің басты негізі ретінде толық көлемінде алғаш рет қолданылған кезде өтпелі кезеңнің жекелеген стандарттарда және түсіндірмелерде белгіленген нақты ережелері сол стандарттар мен түсіндірмелер күшіне енген күні болған баптар сальдосына қалай қолданылуға тиіс. КОНСЕНСУС Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|