|
ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 27-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтемелер: 1-“Қаржы есептілігін ұсыну” ХБЕС, 17-“Жалдау” ХБЕС, 18-“Табыс”. МӘСЕЛЕ 1. Кәсіпорын жалға алудың заңды нысаны бар тәуелсіз тараппен немесе тараптармен (инвестормен) операция немесе құрылымдық операциялар (келісім) қатарын жасай алады. Мысалы, кәсіпорын активтерді инвесторға жалға бере алады және сол активтерді қайта жалға ала алады немесе активтерді сатуды және оларды керісінше жалға алуды ресімдей алады. Әр келісімнің нысаны, оның шарттары және ережелері айтарлықтай түрлене алады. Жалға алу немесе кері жалға алу жағдайында келісім инвестордың салықтан пайда алатындай жасалынуы тиіс, оның бір бөлігі активті пайдалану құқығын беру үшін емес, кәсіпорынға оның келісімге қатысқаны үшін ақы ретінде беріледі. 2. Инвестормен жасалған келісімде жалға алудың заңды нысаны бар болғанда, мынадай мәселелер туындайды: (а) жүйелі операциялардың өзара байланысты болып табылатындығын және бұл операциялардың бір операция ретінде ескерілуі тиістілігін қалай айқындау; (b) келісім 17-ХБЕС бойынша жалға алуды айқындауға жауап бере ме және, егер жоқ болса: (і) жеке инвестициялық шот және жалға алу төлемдері бойынша міндеттемелер кәсіпорынның активтері мен міндеттемелеріне жата ма (қараңыз, А қосымшасының 2(а)-параграфында сипатталған) мысал; (іі) кәсіпорын келісімнен туындайтын басқа да міндеттемелерді қалай ескеруі тиіс; және (ііі) кәсіпорын инвестордан алатын ақыны қалай есептеуі тиіс. КОНСЕНСУС Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|