ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 23-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 16-“Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар” ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. 16.23-ХБЕС-на сәйкес актив қызметінің бастапқы бағаланған нормативтік нәтижелерінің жағдайын жақсартатын жылжымайтын мүлік объектілеріне, үйлерге және жабдықтарға байланысты келесі шығындарды капиталдандыру талап етіледі. Актив қызметінің бастапқы бағаланған нормативтік нәтижелерін негізге ала отырып, кәсіпорын күтетін жөндеуге немесе қалпына келтіру үшін жүргізілетін техникалық қызмет көрсету немесе болашақ экономикалық пайданы қолдау сияқты барлық келесі шығындарды олар жүргізілетін кезеңнің шығыстарына жатқызу керек. 2. 16.27-ХБЕС-нда жылжымайтын мүліктің, үйлердің және жабдықтардың кейбір түрлерінің негізгі компоненттері белгілі бір жүйелілікпен ауыстыруды қажет етуі мүмкін екендігі белгіленген. Осы компоненттер оларды пайдалы қолдану мерзімі олар жататын жылжымайтын мүліктің, үйлердің және жабдықтардың объектілерінен басқаша болғандықтан, оқшау активтер ретінде есептеледі. 3. Кәсіпорын жылжымайтын мүлік объектісін, үйлер мен жабдықтарды сатып алады және оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін барлық қажетті шығындарды көтереді. Пайдалы қолдану мерзімі кезінде осы активті үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін активтерге тұрақты түрде елеулі техникалық тексеру және күрделі жөндеу жүргізеді. Оған үш жылда бір рет күрделі жөндеу жүргізілетін ұшақты сатып алу мысал бола алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|