ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 25-ТТК
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. 1999 жылғы қыркүйекте көпшіліктің қарауына “Пайдаға салынатын салықтар - жалпы ережелер” 21D-ТТК түсіндірмесінің жобасы ұсынылды. Түсіндірменің жобасында осы түсіндірменің және “Пайдаға салынатын салықтар - қайта бағаланған амортизацияланбайтын активтерді өтеу” 21-ТТК-нің мәселелері қарастырылды. Сілтеме: 12-“Пайдаға салынатын салықтар” ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. Кәсіпорынның немесе оның акционерлерінің салық мәртебесін өзгерту кәсіпорын үшін оның салық міндеттемелерінің немесе активтерінің көбеюі немесе азаюы сияқты осындай салдарларға әкелуі мүмкін. Мысалы, мұндай өзгеріс кәсіпорын шығарған үлес құралдары биржасындағы листингке байланысты немесе оның меншікті капиталы қайта құрылғаннан кейін болады. Мұндай жағдай акциялардың бақылау пакетінің иесі басқа елге көшкен кезде болуы ықтимал. Мұндай жағдайлар нәтижесі кезінде кәсіпорынның салық салу тәртібі өзгеруі мүмкін. Мысалы, кәсіпорын салық жеңілдіктерін ала алады немесе жоғалтып алады, немесе оның салық салуы одан әрі басқа ставка бойынша жүзеге асырылатын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|