ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 31-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 18-«Табыс»ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. Кәсіпорын (Сатушы) клиенттен (Клиент) жарнамалық қызметтер алуға айырбас ретінде жарнамалық қызмет көрсету туралы баспа-бас айырбас мәмілесін жасай алады. Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылған жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы беруге, журналдарда немесе газеттерде жариялауға, не басқа бұқаралық ақпарат құралдарында беруге болады. 2. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар арасында ақша қаражытының немесе басқа да өтем түрлерінің айырбасы болмайды. Кейбір басқа жағдайларда теңдей немесе шамамен теңдей ақша қаражатының сомалары немесе өтемнің басқа түрлерімен айырбас жүргізіледі. 3. Өзінің әдеттегі қызметі барысында жарнамалық қызметтер көрсететін сатушы 18-ХБЕС бойынша жарнаманы қамтитын баспа-бас айырбастан түсетін табысты айырбасталатын қызметтер, басқа да өлшемдер арасында ұқсас болып табылмайтын (18.12-ХБЕС) және табыс мөлшерін сенімді түрде өлшеуге болатын (18.20 (а)-ХБЕС) кезде мойындайды. Осы түсіндірме тек ұқсас емес жарнамалық қызметтерді алмасуға ғана қолданылады. Ұқсас жарнамалық қызметтерді алмасу 18-ХБЕС-на сәйкес табыс әкелетін операция болып табылмайды. 4. Мәселе Сатушының баспа-бас айырбас операциялар барысында алынған немесе берілген жарнамалық қызметтердің әділ құны бойынша табысты қандай жағдайларды сенімді түрде өлшей алатынында. КОНСЕНСУС Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|