«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен
ҚР Қаржы министрінің 2008.15.04. №179 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі бекітілсін. 2. Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы (Г.К. Кәкімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары Б.А. Әлімбековке жүктелсін.
Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі (бұдан - әрі Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан - әрі Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесіне (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу ережесі) сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|