|
ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет ____________________________
11-ТТК
Валюталар айырбастау - валюталардың күшті девальвациялануы нәтижесінде келген залалдарды капиталдандыру 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 21-«Валюталардың айырбас бағамдары өзгеруінің әсері»ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. Кәсіпорында шетелдік валютамен көрсетілген, активтер сатып алудың нәтижесінде пайда болған міндеттемелер бар. Активтер сатып алынғаннан кейін кәсіпорынның есеп беретін валютасы күшті девальвацияланады немесе құнсызданады. Соның нәтижесінде, 21.11(а)-ХБЕС-на сәйкес жабу бағамы бойынша міндеттемелерді өлшеу кезінде елеулі теріс бағам айырмашылықтары пайда болады. 21.21-ХБЕС-да есепке алудың жол беруге болатын баламалы тәртібі кәсіпорынның ондай теріс бағам айырмашылықтарын тиісті активтердің таза баланстық құнына қоса алуынан бұрын бірнеше шарттардың сақталуын талап етеді. 2. Мәселе мынада: (а) міндеттемені «реттеуге болмайтыны» және «хеджирлеудің практикалық әдістерінің жоқ екені» туралы шарттар қай кезеңде қолданылуға тиіс; және (b) активті сатып алу қай кезде «жуырдағы» деп саналады. КОНСЕНСУС 3. Міндеттемелер жөніндегі теріс бағам айырмашылықтары тиісті активтің таза баланстық құнына сол міндеттемелерді реттеуге болмайтын және есеп беру валютасының күшті девальвациялануы немесе құнсыздануы басталғанға дейін оларды хеджирлеу орынсыз болған кезде ғана қосылады. Активтің түзету енгізілген таза баланстық құны оның өтелетін сомасынан аспауға тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|