|
ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет
_________________________ 7-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 21-«Ваюталардың айырбас бағамдары өзгеруінің әсері»ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. 1999 жылғы 1 қаңтардан - Экономикалық және валюталық одақ (ЭВО) қызметі басталған күннен евро толық құқықты валютаға айналады, ал евро мен қатысушы елдердің ұлттық валюталары арасындағы конверсиялау бағамдары түпкілікті тіркелетін болады, яғни кейінгі бағамдық айырмашылықтардың осы валюталарға байланысты тәуекелі осы күннен бастап жойылады. 2. Мәселе Еуропалық Одаққа қатысушы елдердің ұлттық валюталарынан евроға көшу кезінде 21-ХБЕС-ын қолдануда («көшуде»). КОНСЕНСУС 3. 21-ХБЕС-ның шетелдік валютаны қайта есептеу және шетелдік қызметтің қаржы есептілігі жөніндегі талаптары өтуге қатаң түрде қолданылуға тиіс. Елдер ЭВО-қа неғұрлым кейінгі кезеңдерде қосылатын кезде валюталарды айырбастау бағамдарын тіркеуге сол принцип қолданылады. 4. Мұның өзі, атап айтқанда, мынаны білдіреді: (а) операциялар нәтижесінде шетелдік валютамен пайда болатын монетарлық активтер мен міндеттемелер бұрынғысынша жабу бағамы бойынша есептілік валютасына қайта есептелуге тиіс. Нәтижесінде алынатын қандай да болсын бағам айырмашылықтары, кәсіпорын болашақ операциялар немесе шарттағы міндеттер бойынша валюталық тәуекелді қысқарту үшін пайдаланылатын (хедждердің алдын алатын) валюталық келісім-шарттармен байланысты бағамдық пайдаларға немесе залалдарға бұрыннан бар есепке алу саясатын одан әрі қолдануға тиіс болатыннан басқа жағдайларда, кіріс немесе шығыс ретінде дереу мойындалуға тиіс; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|