Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, жетекшiлiк ететiн өнеркәсiп саласында (оның iшiнде тау-кен металлургия, химия, өнеркәсiптiң өңдеушi салаларында, iрi ауыл шаруашылық машина жасау, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi салаларында), сондай-ақ қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы Қазақстан Республикасының индустриялық, ғылыми-технологиялық және инновациялық даму саласында қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 1. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретiнiң шегінде басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар. 3. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитетті ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 9. Комитеттiң миссиясы ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердiң ұлттық экономиканың жалпы көлеміндегі үлесiн ұлғайтуға бағытталған индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамыту мемлекеттік саясатын iске асыру болып табылады. 10. Комитеттiң мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) ғылым мен техниканың қазiргi заманғы жетiстiктерiн енгізу негiзiнде тиiмдiлігі жоғары және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру; 2) қосылған құн тiзбегiнiң әдiснамасы негізiнде ұлттық өндiрiстiң құрылымын жасау; 3) салалардағы қосылған құн тізбегін ұлғайтуды қоса алғанда, өндiрiстiң бәсекелiк басымдылығын арттыруға бағытталған минералдық ресурстарды қайта өңдеудiң тереңдігін және пайдаланудың кешенділігiн қамтамасыз ету; 4) салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде ғылымды қажетсiнетiн, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды жасау; 5) тиiмдi ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру; 6) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзу кезiнде қазақстандық өндiрушiлер тауарларының, жұмыстары мен қызметтерiнiң үлесiн ұлғайту; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған өнiмдi шығару үлесiн жоғарылата отырып, қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн дамыту. 4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары 11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялары: 1) өндiрiстiк, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi, оның iшiнде ғылым мен техниканың жаңа әлемдiк жетiстiктерiн пайдалана отырып, дамыту және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету; 2) Өнiмдi Бөлу туралы келісімдердiң және отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн мiндеттi түрде тарту мәселелерi жөнiнде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісім-шарттардың жобаларын келiсу; 3) жұмыс iстеп тұрған және құрылатын кәсiпорындарды, қаржыландырылатын жобаларды, қаржыландыруға дайын инвестициялық және инновациялық жобаларды ескере отырып, өңiрлер бөлiнiсiнде Қазақстанның цифрлық электрондық өнеркәсiптiк картасын жасауды ұйымдастыру; 4) инновациялық процестерді жандандыру, жаңа технологиялық әдiстердi енгізу, өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлулердi игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыруды, орналастыруды және оның орындалуын үйлестiрудi қамтамасыз ету; 6) әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде әскери мақсаттағы өнiмдi жөндеу және дайындау үшiн жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдық ресурстардың өзара жеткiзiлуiн үйлестiру; 7) Комитеттiң құзыретiне енетiн салалардағы халықаралық шарттарды орындау; 8) мемлекеттік және салалық (секторалдық), оның iшiнде инновациялық қызмет саласындағы, өнеркәсiп салалары жөніндегі (оның iшiнде өнеркәсiптiң кен-металлургия, химия, фармацевтика, медицина, өңдеу, iрi ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салаларында) бағдарламаларды орындауды, қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердi, қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау мен дамытуды iске асыру және үйлестiру; 9) Комитеттің құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру; 10) инновациялық қызмет субъектiлерiн (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, ғылыми-технологиялық аймақтар, т.б.) құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру; 11) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің деректер банкiн қалыптастыру; 12) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi дамыту және жаңаларын құру мақсатында даму институттарының технологиялар трансфертi жөніндегі жұмысын үйлестiру, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар экономиканың нақты секторына технологияларды берудi жүзеге асыру; 13) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушы ұйымдар орындайтын, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi құруға және дамытуға бағытталған ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың жүргiзiлуiн үйлестiру; 14) бюджет қаражатынан орындалған зерттеулер нәтижелерiне мемлекеттік технологиялық сараптамалар жүргiзу және оларды одан әрі өндiрiстiк игеру және енгізу үшiн ұсыныстар беру; 15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды және мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттардың, Өнiмдi Бөлу туралы келісімдердiң орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетiлген операцияларды жүргiзу кезiнде отандық өндiрушілердiң тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн мiндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiне мониторингті жүзеге асыру; 16) инвестициялық және инновациялық жобаларға, жетекшiлiк ететiн салалардың өндiрiстік қызметiне, оның iшiнде осы салада жұмыс iстейтiн ұйымдардың технологиялық жай-күйi деңгейiне мониторинг жүргізу; 17) қару-жарақ, олардың оқ-дәрiлерi, әскери техника, қосалқы бөлшектер, олардың жиынтықтаушы бұйымдары мен приборлары, жарылғыш заттар мен олардың өндiрiстiк қалдықтары, сондай-ақ жару құралдары, өндiрiстiк мақсаттағы оқ-дәрi мен пиротехникалық бұйымдар өндiрiсiне арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдықтар айналымы мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау; 18) даму институттарымен және мемлекеттік органдармен бiрлесiп, "Мүмкiндiктi технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толықтыру үшiн инновациялық жобалар мен ғылыми әзiрлемелердiң деректер банкiн қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргiзу; 19) "ғылым-рынок-өндiрiс" циклының жұмыс iстеуi үшiн өнеркәсiп салалары кәсiпорындарының ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу; 20) өзiнiң құзыретi шегінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын және өзге қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу; 21) халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерiмен экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру; 22) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттік органдарымен бiрлесiп, қажет болған жағдайда экспорттық бақылауға жататын өнiмдi түсiру алдындағы кезеңде және түпкiлiктi пайдалануда тексерудi жүзеге асыру; 23) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген номенклатура бойынша кепiлдiктi мiндеттемелер (түпкiлiкті пайдаланушының сертификатын) беру; 24) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген номенклатура бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсаттар беру; 25) өтiнiш берушiге және мүдделi мемлекеттік органдарға экспортталатын өнiмнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызылатыны туралы қорытынды беру; 26) экспорттық бақылау жүйесiн iске асырумен, ережелердi және рәсiмдердi бiрiздендiрумен байланысты шараларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттік органдарының ұсыныстары бойынша оларға түзету жүргiзу; бақылау-қадағалау функциялары: 1) уәкiлеттi органдар арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортын, қайта экспортын, импортын, қайта импортын, транзитiн және кеден аумағынан тыс қайта өңделуiн бақылау; 2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленген біліктiлiк талаптары мен лицензиялық ережелердi орындауын бақылау. 12. Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) меншiк нысанына қарамастан, ұлттық орталықтардан, даму институттарынан, компаниялардан, ұйымдардан, министрлiктiң комитеттерiнен, құрылымдық бөлiмшелерiнен, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 2) өзiнiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға; 3) сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін мемлекеттік басқару органдарының мамандарын, қажет болған жағдайда өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға; 4) тиiстi министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға; 5) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттік қолдау жөніндегі және өнеркәсiптiң жекелеген салаларын дамыту жөніндегі шараларды әзiрлеу туралы шешiмдер қабылдауға; 6) салааралық инновациялық бағдарламаларды iске асыруға қатысуға; 7) халықаралық инновациялық, ғылыми-техникалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға қатысуға; 8) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметiн жетiлдiру және ғылымды реформалау жөнiнде ұсыныстар дайындауға; 9) инновациялық инфрақұрылым субъектілерін инновациялық жобалармен және ғылыми әзiрлемелермен толықтыру жөніндегі мәселелердi қарауға; 10) өнеркәсiп салаларының жекелеген кәсiпорындарын санациялау, қайта бейiндеу жөнiнде ұсыныстар дайындауға; 11) әскери мақсаттағы өнiмдi әзiрлеушiлер мен өндiрушiлер болып табылатын ұйымдарға әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселелердi қарауға және белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды дайындауға; 12) ақпараттық-тұсаукесу іс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да iс-шаралар), сондай-ақ өнеркәсiп салаларының, индустриялық, ғылыми-технологиялық және инновациялық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге; 13) Комитет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды, оларды даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға құқығы бар. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитеттiң өзiне бекітiп берiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. 1) өз орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптiк жаза қолданады; 4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 7) оның құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |